Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Асфальтқа сурет салу байқауы

23 маусым күні Амфитеатрдың жанында Астана қаласының 20 жылдығына арналған сурет салу байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты – балалардың бас қала Астанаға деген сүйіспеншілігін ояту. Суреттерде негізінен Астананың көрікті жерлері бейнеленген. Балалар түрлі-түсті бор арқылы сурет салуға құлшына кірісті, аз уақыттың ішінде алаң қанық суреттермен гүлденіп, көрік берді.