Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Сарайда ашық есік күні немесе шеберлер қаласы!

Күзгі бірінші  жексенбіде Өскемен қаласы оқушылар шығармашылық сарайында ашық есік Күні өтті.

Сарай көшелерімен және даңғылдарымен  нағыз шеберлердің қаласына   айналды.   Холлда  балалар мен ата-аналарды   жетекшілер  мен аниматорлар   қарсы алды,   ақпараттық дүңгіршегімен таныстырды, барлық ұжымдармен қысқаша шолу және  пресс-қабырғада естелікке суретке түсуге ұсыныстар жасады.

Бұдан әрі қонақтар алдында  көшелер ашыла бастады,  онда  жәнегі   Шеберлер жайғасты, өткен жылдардағы жұмыс нәтижелерін көрсетуге және өз істері туралы айтуға дайын  екендерін крсетті. Көрермендер залында балалар шығармашылық бірлестіктерінің жас таланттары    хореография, вокал, театр, КВН және дайындық студиясының жетекшілері       көрермендерді өздерінің ең үздік нөмірлерімен   баурады!  Ал  тұйық  көшелердің бірінде біз    көрме залын көрдік, онда  бейнелеу өнері,  сәндік-қолданбалы бағыттары  және «Көзқарас» фотостудиясы   шығармашылық бірлестік  жұмыстары таныстырылды.

Балалар мен олардың ата-аналары  сарай жұмысының барлық  бағыттарымен танысты және ұнаған үйірмелеріне жазылды,  тіпті бір ғана емес, бірнешеуге мүмкін. Қонақтар   Шеберлер қаласынан  ұшан-теңіз   оң   эмоцияларымен және жақсы көңіл-күймен кетті!