Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Армысың, мектебім!

1 қыркүйек күні Өскемен қаласының барлық мектептерінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Күздің алғашқы күнінде жаңа қоңырау соғылып, оқушыларға қуаныш сыйлады, мұғалімдердің құшағы гүлге толды. Бұл күні оқушылар мен олардың ата-аналары үшін барлық мектептердің есігі айқара ашылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін көптен күткен күн болды. Бұл мектеп бітірушілер үшін соңғы алғашқы қоңырау мерекесі. Барлығы да жаңа қадам бастауға дайын. Сондықтан бұл күн олар үшін ең қызықты әрі есте қаларлық болмақ. Қала басшылары, білім беру бөлімінің өкілдері әр мектепте болып, оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Барлық оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, үздік нәтиже, ал ата-аналарға шыдамдылық тілейміз.