Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Баспасөз-хабарлама

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА - АНА ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу туралы  баспасөз-хабарлама.

2018 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 10.00-де «№ 15 орта мектебі» КММ-де «XXI ғасырдағы қазақстандық ата - ана өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтеді. 2018 жылдың қыркүйек-қазан айында республиканың барлық мектептерінде Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу аясында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласының отбасылық тәрбие институты, ШҚО Білім басқармасы, Өскемен қаласының білім беру бөлімі.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Айгуль Каппасовна Каиргожина қатысады.

Конференция бағдарламасында:

1. ҰБТ-ға дайындық және тапсыру үрдісінде жасөспірімнің ата-аналарына психологиялық көмек.

2. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернетке тәуелділіктің қалыптасуын болдырмау шаралары.

3. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

4. Отбасы құндылықтарын жетілдіру және нығайту: балаларды тәрбиелеудегі отбасылық берекенің маңыздылығы.

5. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу шаралары. Мектепке діни атрибуттарды киюге тыйым салу. Әрбір баланы бірыңғай мектеп формасымен қамтамасыз ету - ата-аналардың әлеуметтік маңызды міндеті.

6. Жасөспірімдер ортасында девиантты мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу.

«XXI ғасырдағы қазақстандық ата - ана өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конференциясы қаладағы барлық мектептерде өтеді. 1-11 сынып аралығындағы оқушылардың 13 000-нан астам ата-аналарын қамту жоспарлануда.