Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қатарына Өскемен қаласы оқушыларын салтанатты қабылдауы өтті

2018 жылдың 30 қарашасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында  «Жас Ұлан» Республикалық бірегей балалар-жасөспірімдер ұйымының мектеп комитеттері жұмысын белсендіру мақсатында Өскемен қаласы мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты шарасы өткізілді.

Қонақтар әр баланың басты міндеті – мемлекетіміздің беделді азаматы және патриоты болу, өз жетістіктерімен елімізді дамытуға  үлес қосу екенін айтып өтті.

Рәсім барысында «Жас Ұлан» ережесін ұстануға салтанатты түрде ант берілді. Сонымен бірге РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қалалық комитеті өкілдері арасынан үгіт бригадасы сахнада өнер көрсетті.

Салтанатты қабылдауға кіші және орта буын оқушылары, РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ мектеп комитеттерінің ұланбасылары, кураторлары қатысты. Жалпы қамтылғаны 180 адам.