Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісу және кәсіби құзыреттілікті көтеру

Өскемен қаласы әкімдігінің «Крупская атындағы негізгі орта –мектеп интернаты» КММ қала мектептерінің психологтарына арналған «Ерекше балалар. Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты: «Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісу және кәсіби құзыреттілікті көтеру». Мектеп-интернат директоры А.Т. Джетыбаева, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.И. Проскурякова және мектептің педагог- психологы А.С. Чечулина инклюзивті білім берудің теориялық аспектілері, мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері және оларға білім беруде қолданатын денсаулық сақтау технологиясы  жайлы кеңінен баяндап берді. Семинар барысында   практикалық іс-әрекет ұйымдастырылды. Семинар-практикум психологтардың белсенді қатысуымен психологиялық кәсіпқойлықтың шығармашылық атмосферасында  өтті. Семинар-практикум жоғары әдістемелік деңгейде дайындалған, әріптестері тарапынан оң бағасын алды.