Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан республикасының тәуелсіздік   күніне арналған мерекелік іс-шара өтті 

Мақсаты: 

·        Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға. Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметеу сезімін тәрбиелеу; қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына деген қызығушылық арттыру;

·        Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып оны қорғай білуге тәрбиелеу.

·        Азаматтық сезімге, өз елінің тағдырына қатыстылыққа, өз халқының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

"Бүгін Отанымызды даңқ етейік!" салтанатты іс-шарасында туған өлке ақындарының өлеңдері, Отан туралы әндер, Қазақ фольклорының шағын жанрлары шырқалып," Бәйге","Теңге алу" ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер  Қазақстанның рәміздері туралы жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шараға Батыр  мен Айсәуле сұлу (жас Астананың бейнесі) таң қалдырды. Балалар кейіпкерлерімен  
"Алға Қазақстан!" әнімен биін биледі.

Топ тәрбиешілері мен ата-аналар бірігіп,  "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты мерекелік көрме ұйымдастырылды. Іс-шарада балалар қазақ халқының тарихымен, өнерімен,  дәстүрлерімен танысты. Халық шығармашылығының балаға әсері зор. Фольклор, ұлттық ойындар, жобалар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына деген қызығушылықты және сыйластықты өз Отанына, өлкесіне, қаласына деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, балалардың көркемдік-шығармашылық, эстетикалық, адамгершілік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.