Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары» атты Абай оқулары сайысы

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы  № 3 мектеп- лицейінде» КММ қала мектептеріне арналған «Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары» атты  Абай оқулары сайысы болып өтті.

Сайыстың мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы жұртшылықтың рухани сауаттылығын көтеру, көркемсөз оқу мәдениетін жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Ұлы Абайдың құнды мұраларын ел арасына насихаттауды көздейтін дәстүрлі байқау арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегінен жол табуына, сөз өнеріне деген жастардың қызығушылығын арттыруына ықпал ету.

Сайыс алты кезеңнен тұрды. Сайысқа қала мектептерінен 250 оқушы қатысып, үздік шыққандары қазылар алқасының шешіміне сәйкес жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлдені барлық кезең бойынша үздік шыққан «№ 45 бейімделген орта мектебі» оқушылары  жеңіп алды.