Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қош келдіңіз, Жаңа жыл!

2018 жылдың 27-29 желтоқсан аралығында № 6 «Күншуақ» балабақшасында жаңа жылдық мереке өтті. Маскарад киіміндегі балалар ән шырқап, би билеп, Аяз ата және Ақшақармен бірге, шыршаның айналасында айналма би билеп, жаңа жылдық шырша астында өлеңдер оқыды.

Мектепке дейінгі жас - адамгершілік әдеттерін, сезімдерін, қарым-қатынастарын белсенді түрде қалыптастыру кезеңі. Осы кезеңде мерекенің маңызы туралы түсініктері қалыптасады, сонымен қатар оның кеңістігін түсіну тереңдей түседі, онда балалардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттері байқалады. Мерекенің педагогикалық маңызы негізінен дайындық кезеңдеріне байланысты. Сондықтан, алдын ала жұмыс кезінде балалардың қызығушылығын оятып, мерекенің айналасында толқушылық пен қабылдауға дайындық атмосферасы пайда болады. Костюмделген жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізу, балаларды жаңа жылды тойлау дәстүрімен, оның атрибутикасымен және кейіпкерлерімен таныстыруға мүмкіндік береді, әр түрлі қызмет түрлері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашады.