Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектеп бітірушілерді сыртқы бақылауға дайындау

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша 2019 жылдың 9 қаңтарында «№ 11 мектеп - лицейі» базасында 2019 жылы бітірушілерді сыртқы бақылауға дайындауға арналған қалалық семинар – кеңес өтті. Семинар жұмысына әдістемелік бірлестік жетекшілері, 11 сынып пән мұғалімдері қатысты.

Семинар-кеңеске қатысушылар алдында қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскері А.З. Нұрпейісова  «2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы білім сапасын талдау және сынақ тестілеуінің қорытындысы. Мәселені шешу жолдары» тақырыбында сөз сөйледі.

«№11 мектеп-лицей»   директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. В. Федорова, «№ 3 мектеп-лицей»   тарих пәнінің мұғалімі М. М. Камбасова, «№ 10 мектеп-гимназия»   математика пәнінің мұғалімі   Э. Ш. Чуембаева, «№ 16 орта мектеп»  биология пәнінің мұғалімі  Б. З. Төлегенова сыртқы бақылауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.