Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Страна где нет войны» атты спорттық - музыкалық іс-шара туралы есеп

2019 жылы 6 мамырда №17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайында Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Страна где нет войны» атты спорттық-музыкалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара ортаңғы және жоғары топ балаларымен, ата-аналарымен бірге өткізілді. Екінші кіші топ көрермен ретінде шақырылды.

Ойын-сауықтың мақсаты: балалардың дене шынықтыру және спортқа деген жағымды көзқарасын қалыптастыру; серіктестік сезімін, күш, ептілікті, тапқырлықты дамыту; патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, аға буынға деген құрметті, достық қарым-қатынасты тәрбиелеу;

Ата-аналармен бірге орта және жоғары топ командалары қатысты. Әр түрлі спорттық конкурстар ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды сипаттағы конкурстар да өткізілді, эстафеталар арасында әскери тақырыпта өлең, ән, би түрінде музыкалық құттықтаулар орындалды. Қыздар өздерін әскери медбике ретінде сынап көрді - жараланған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әр байқау қазылар алқасының мүшелері тарапынан бағаланды. Жарыс соңында қорытынды жасалды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Балалар мен ата-аналар көңілді және жағымды эмоциялар алды.