Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қалалық ЖЖИ-2019 байқауын өткізу туралы ақпарат

№ 20 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі  және №30 жалпы білім беретін мектеп базасында  Өскемен қаласының мектептерінің арасында жол қозғалысы жас инспекторларының қалалық байқауы өтті. Жарыс бағдарламасы 8 байқаудан тұрды: саптық байқау, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жасақтың жұмысы туралы есеп,  үгіт бригадаларының байқауы, «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Жас эрудит».

Биылғы жылы жарыс форматына енгізілген өзгерістердің арқасында командалардың барлық мүшелері «ЖҚЕ білгірлері»  және «Жас санитар» байқауларына қатысып, жол қозғалысы ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсету туралы өз білімдерін көрсете алды.

Іс-шараны өткізуге Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметінің, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері тартылды.

 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - № 20 мектеп командасы, № 45, 7, 30, 43, 1 мектеп командалары да жеңімпаздар қатарында. Жеңімпаздарға кубоктар берілді. Сонымен қатар, № 4, 5, 9, 12, 13, 15, 16, 17, 22, 34, 36, 39, 46, 47, Меновное, Крупская атындағы мектеп-интернат командалары байқаудың әртүрлі аталымдарына ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!