Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Ардагер жанымызда өмір сүреді» акциясы аясында ҰОС ардагерлерінің Өскемен қ. «№36 орта мектебі» КММ-ге бару туралы ақпарат

2019 жылдың 6-8 мамырына дейін 7 «Б», 8 «В», 10 «А» сыныптардағы тимурлар қозғалысының оқушылар тобы сынып жетекшілерімен және ата-аналармен, сондай-ақ  ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарымен, № 4 ЖБК бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақытбек Оразиманович Оразимановпен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Михаил Матвеевич Кравченкоға, Анастасия Степановна Березуцкаяға, Кабатай Калдыбаевқа барды.

Сабақтан соң баллалар ардагерлерге келіп, Жеңіс Күні мейрамына құттықтаулар дайындады. Ардагерлер біздің оқушыларды қуанышты қарсы алды. Достық ахуалда олар балаларға әскери және бейбіт уақытттағы өз өмірінің тарихын айтып берді. Кравченко Михаил Матвеевич балаларға өздерінің полктестері, әскери достары туралы айтып беріп, наградаларды көрсетті. Балалар тарихтағы ең сұрапыл уақыт туралы әсер ететін                    егжей-тегжейліліктерді біліп, мақтанышпен тыңдады, және біздің уақытта сондай батырлар бар екеніне қуанды. Қоштасқан кезде оқушылар бәрі бірге суретке түсіп, ардагерлерге денсаулық тіледі.  

Біздің уақытта жыл сайын ҰОС ардагерлері азайып барады, сол себепті біз осындай кездесулер жастарда патриотизм мен азаматтылық, Ұлы Отан соғыс жылдарында қайтыс болғандарға, тірі қалған ардагерлерге және аға ұрпақ адамдарына алғыс сезімдерін тәрбиелеу үшін қажет деп есептейміз. Біз біздің оқушылардың Ұлы Отан соғысқа қатысқандармен, Ұлы Жеңіске бағаланбас үлес қосқан адамдармен  кездесіп, сөйлесе алғанына  қуаныштымыз.