Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектеп» КММ «9 мамыр-Жеңіс күні» мерекесіне байланысты өткізілген акцияның есебі

9 мамыр  – Ұлы Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай  жас буынның бойына патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастыру, Отанға, туған жерге, салт-дәстүріне, тарихи ата-бабаларының ерлігіне деген сезімдерін арттыру және де намыс, ар, сүйіспеншіліктерін ұялату мақсатында: мамырдың 8 жұлдызында мектеп белсенділері ҰОС –ның тыл ардагерлеріне Жанұзақова Нағима, Кириченко Нина Семеновна, Ярошенко Рая, Карманова Мария Филиповна апаларына барып, ауласын жинауға көмектесіп, ұлағатты әңгімелерін тыңдап, мерекемен құттықтап, тәттілер сыйға тартты.