Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ЖҚИ-2019  қалалық  конкурсын  өткізу туралы  есеп

2019 жылы 27 сәуірде «№30 жалпы білім беретін мектебі» КММ- де Октябрь ауданы мектептерінің арасында  жол қозғалысының жас инспекторларының қалалық байқауы өтті.  № 1, 3, 4, 5, 6, 13, 17, 19, 24, 26, 30, 35, 36, 38, 39, 44, 45, 46, 47 мектептерінің  командалары қатысты. 

Жарыс  бағдарламасы 8 байқау сынағынан тұрды:  саптық байқау, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жасақтың  жұмысы туралы есеп,  үгіт бригадалар сайысы, «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері»,  «Жас санитар», «Жас эрудит».

Биылғы жылы жарыс форматына енгізілген өзгерістердің арқасында командалардың барлық мүшелері «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар»  байқауларына қатысып, жол қозғалысы ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша  өз білімдерін көрсете алды.

Іс-шараны өткізуге  Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметінің,  Қазақстан Республикасының  Қызыл жарты ай қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері тартылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:  3 орын № 1 мектеп командасы,  2 орын № 30 мектеп командасы  және 1 орын №45 мектеп командасы. Сонымен қатар, әр конкурс бойынша номинанттар  анықталды.