Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№36 орта мектебі» КММ жалпыұлттық ата-аналар жиналысын жүргізу туралы ақпарат

Халықаралық отбасы күнін мейрамдау аясында, 15 мамырда «№36 орта мектебі» КММ-де әкімшіліктің, педагогтардың, мектеп Қамқоршылық кеңесі мен  ата-аналардың қатысуымен «Отбасылық  тәрбие – өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастыру негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық тәрбиелеу мәселелерін талқылауда ата-аналарды тарту, олардың жауапкершілігін арттыру және балаларды тәрбиелеудегі рөлді сезіну. 

Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Шостко Любовь Ивановна ашты. Ол барлық қатысушыларды Халықаралық отбасы күнімен құттықтады және отбасы мен мектептің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі тығыз өзара әрекеттесу және ынтымақтастық қажеттілігіне ерекше назар аударады. 

Директордың тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынбасары Белобородова Ирина Васильевна отбасының баланы тәрбиелеудегі рөліне ерекше көңіл аудара отырып, мектеп пен ата-аналардың өзара әрекеттестігін күшейтуде отбасылық құндылықтар мәні туралы айтып берді: нағыз тәрбиелі адам отбасылық құндылықтар мен ұрпақ дәстүрлерін құрметтейтін ортада өсе алады. Бейнематериалдар көрсетілді. 

Педагог – психолог Нурканова Гаухар Талгатовна ата-аналарға оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ұсыныстар берді. Ол сондай-ақ ата-аналардың сұрақтарына жауап берді және балалармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болғанда көмек пен қолдауға жүгінуді  ұсынды.

Қамқоршылық Кеңес төрағасы Шевченко Екатерина Николаевна осы ата-аналар жиналыстарын жүргізу үлгісі қызық екенін және өскелең ұрпақ пен ата-аналарда отасығак ерекше қарым-қатынас қалыптастыратуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Біздің мектеп ата-аналары жиналыс барысына белсенді қатысты. Осы іс-шара жыл сайынғы жақыс дәстүрге айналды және үлкен әлеуметтік мәнге ие, отбасы мен мектеп  ынтымақтастығының берік негізін салады.