Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскеменде жас құтқарушылар-өрт сөндірушілердің  командалық жарысы өтті

15 мамырда Өскемен қаласының № 2 өрт сөндіру бөлімінің базасында қалалық мектептер арасында жарыс өтті. Ұйымдастырушылар Өскемен қаласы ТЖ басқармасы мен қаланың білім беру бөлімі.

Спорттық «Эстафетада» ұлдар мен қыздар өздерін өрт сөндіруші ретінде сынап көру мен кедергілерден өту ғана емес, өртті сөндіру керек болды. Өрт сөндірушілердің барлығы - бум, зардап шегушіні тасымалдау, уақытында жауынгерлік киім кию сияқты нақты тапсырмаларды орындады.

 «Қолдан жасалған бұйымдар» сайысына қатысушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете білді. Қазылар алқасына ұсынылған бояу, қарындаш, картон және басқа да материалдардан жасалған жұмыстар қазылар алқасы мен қонақтардың қызығушылығын тудырды. «Қолдан жасалған бұйымдар» байқауының қазылар алқасы ТЖ қызметінің ардагерлері, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру мұражайының өкілдері және «Өрт сөндіруші» ШҚО филиалының мамандары ұшатын құтқару тәрелкесі, өрт сөндірушілердің жетілдірілген мұнарасы және заманауи өрт сөндіру депосы түріндегі ерекше есте қалған жұмыстарды атап өтті.

 «Визит карточкада» командалардың сөз сөйлеуі балалардың театрлық қабілеттерін ашты, әр мектеп өз топтарында айрықша және ерекше балалар бар екенін байқатты. Командалар құтқарушылар өмірі мен қызметінен «суреттемелер»  көрсетті.

«Алғашқы медициналық көмек көрсету» кезеңі балалардың медицина бойынша теорияда ғана емес, тәжірибеде де күшті екенін көрсетті. Арнайы манекенде жас құтқарушылар зардап шеккендерге таңғыш, шина салу және төтенше жағдай кезінде жедел жәрдем келгенге дейін іс-қимыл жасау дағдыларын көрсетті. Жарыстың осы кезеңінің қазылар алқасына ШҚО Қызыл Жарты Ай мамандары риза болды, олар 10 жылдан астам уақыт бойы жас құтқарушылар қозғалысын қолдап, жастарға тіршілік қауіпсіздігі негіздерін жеткізуге тырысады.

Үш сағаттық күрес нәтижесінде жеңімпаздар келесі түрде бөлінді: бірінші орынды № 20 мектеп командасы, екінші орынды № 29 мектеп командасы, үшінші орынды № 7 мектеп командасы иеленді.

«Визит карточкасы» аталымында № 12 мектеп, «Қолдан жасалған бұйымдар» байқауында - № 16 мектеп, «Эстафетада» - Ахмер мектебі жеңіске жетті. «Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауында № 17 мектептің оқушылары жеңіске жетті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді,  олардың ата-аналарын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Болашақта сәттілікпен жеңістер тілейміз!