Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ 5 күндік оқу дала жиындарын өткізу туралы ақпарат 2018-2019 оқу жылы

Өскелең азаматтардың патриоттық сезімін қалыптастыру –маңызды мемлекеттік міндеттердң бірі. Тарихи   тәжірибеге  сүйенетін болсақ,  адамгершілік фактор, Отанға  деген сүйіспеншілік пен құрмет Отанды қорғау барысында  орасан  зор роль атқарады.

Айтқандай, 2019 жылдың 13 мамырынан 17 мамыр аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ  шеңберінде  бастапқы әскери дайындық бағдарламасына және қалалық білім беру бөлімінің  бұйрығына сәйкес  5 күндік оқу-дала жиындары  ұйымдастрылырып, өткізілді. Аталған іс-шараға «№ 11 мектеп-лицейі» КММ-нің және «№ 20 орта мектебі» КММ-нің 10 шы сынып оқушылары  қатыстырылды.

Жиын барысында  оқушылар  тәжірибелік тәлімгерлер, дәлірек айтқанды қордағы подполковник В.Т. Асанов және қордағы  аға сержант М.Б. Елубаевтың  жетекшілігінде  пневматикалық қарудан дәлдеп ату (механикалық және оптикалық көздеуден), химиялық қорғану құрылғыларын жекеше түрде сауатты қолдану (ӨЗК және противогаз), соғыс алаңында дұрыс әрекет жасау, қорғаныс және шабуыл кезінде  жергілікті мекенде компоспен жылдам  бағыт тауып, кішкентай күрекшемен окоп қаза білу дағдыларын үйренді.  Оқу-дала жиынының  аяқталу іс-шарасында  ең көрнекті жігіттерге салтанатты түрде  мақтау қағаздары тапсырылды.