Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

17 мамырда  Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 42 орта мектебі» КММ...

17 мамырда  Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 42 орта мектебі» КММ –де тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасарлары  Г.И. Нарбинова және И.Т. Вютерих пен ұйымдастырылған семинар-практикум өтті. Бұл семинарға  әлеуметтік педагогтар - «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалының ШҚО  бойынша ПҚ БАИ  тыңдаушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты:  бастауыш және орта білім мазмұнын жаңарту аясында  әлеуметтік педагогтың жұмысындағы  инновациялық әдіс –тәсілдермен  таныстыру және  мектеп тәжірибесімен бөлісу.

Семинар барысында әлеуметтік педагогтың жұмысының теориялық және практикалық аспектілері қамтылды.  Тыңдармандар, топпен жұмыс жасай отырып, «Отбасы тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудегі әлеуметтік мәдени орта ретінде» атты жоба  жасады. Қорғаған жобаларын  «Галерея» әдісімен бағалады.  «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды тәрбиелеу» мәселесін қарастыру кезінде семинарға қатысушылар ситуациялық  ойын арқылы қарастырды.

Семинар соңында кері байланыс өткізілді, оның барысында әрбір қатысушы семинардың маңыздылығын атап өтті.