Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Отбасы тәрбиесі –болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын басты тірек» атты жалпы ұлттық ата-аналар жиналысын өткізу туралы «№ 37 КОМ» КММ ақпараты

2019 жылы 15 мамырда сағат 18.30-да Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында «Отбасы тәрбиесі –болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын басты тірек» тақырыбында жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Өткізу үлгісі – жалпы мектептік ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысының мақсаты: отбасылық тәрбие мәселесін талқылауға ата-аналарды араластыру, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін және жауапкершілігін арттыру. Ата-аналар жиналысы Халықаралық отбасы күніне арналды. Бұл мереке заманауи әлемде әрбір «қоғам ұяшығы» өте маңызды екендігін білдіреді. Жиналысты өткізуге қатысқандар:

- мектеп директоры Грачева И.Г.;

- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Клименко Е.С.;

- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Черкасова Н.В.;

- қауіпсіздік техникасы бойынша қоғамдық инспектор Курочкина Е.В;

- шақырылған қонақтар – «Экобиоорталығы» бұқаралық-ұйымдастыру жұмысының әдіскері Астраханцева Ольга Александровна, «Жігер» БЖКБ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Фартусова Татьяна Николаевна.

Жиналысқа қатысқандар:

- қамқоршылық кеңестің төрағасы – Перминова С.В.;

- ата-аналар -212 адам;

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

1) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараны орындау барысы туралы;

2) 2017-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектеп жұмысының қорытындысы;

3) 2018-2019 оқу жылында оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу;

4) 2019 жылдың жазғы кезеңінде оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру:

- жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерьлердің және қосымша білім беру ұйымының жұмысы.

Жиналысты өткізу барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті ұсынған бейне роликтер көрсетілді:

- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

- Отбасында балалардың қауіпсіздігі;

- Тоқта! Терезе...;

- Баланы интернеттен қорғау.