Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы» қалалық байқауынан сайтқа ақпарат

Халықаралық Отбасы күні аясында Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ білім беру бөлімі мен білім беру ұйымдары бірлесіп «Отбасы» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты-отбасының беделін нығайту, оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамыту, отбасылық өмір салтын насихаттау.

Іс-шараның құрметті қонақтары: қалалық мәслихаттың депутаты-О.Г.Фролов, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының инклюзивті білім беру кабинетінің меңгерушісі - Г.Д.Оразаева, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасының доценті - С.Э.Ковалев, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Психология және түзеу педагогикасы» кафедрасының аға оқытушысы - Ж.М.Аканова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасының аға оқытушысы-Г.Т.Сыздыкова, «Ана Үйі» қоғамдық қорының отбасылық құрылымы бойынша мамандар-К.А.Маранян, Н.Т. Онгарбаева.

Қалалық байқау барысында финалға өткен 7 отбасы «Отбасылық фото», «Шығармашыл отбасы», «Үздік отбасылық бейне-визитка», «Ең музыкалық отбасы», «Үлгілі отбасы» байқауларында өз өнерлерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша әр аталым бойынша жеңімпаздар мен «Үздік 2019 отбасы» Бас жүлде иегерлері анықталды.

Жеңімпаздар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.