Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Аквариум суреттері

16 – 17 мамыр күндері Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да «Аквариум суреттері» интерактивті шоуы өтті – балалар салған балықтардың тірі балықтарға таңғажайып айналуының куәгері болды. Балалардың өздері аквариум мекендеушілерін «жасады». Жұмыс жасау барысында балалар түстерді, аквариум мекендеушілерінің атауларын, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекітті. Шоудың шарықтау шегінде аквариум мекендеушілерінің классикалық музыка әуеніне билеуі өте әдемі көрініс болды.