Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Менің Қазақстаным»

2019 жылдың 30-мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 «Балапан  балабақша-бөбекжайында» ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.

Ертеңгілік ҚР әнұранын айтудан басталды. Ертеңгілік барысында балалармен спорттық және ұлттық ойындар ойнатылды. Патриоттық әндер шырқалып, отан туралы өлеңдер оқылды. Кішкентай бишілердің орындауындағы «Жұлдыздар», «Күн» композициясы ерекше әсерге бөледі.

Педагогтар мерекелік ертеңгіліктің балаларға қызықты және танымдық сипатта болуына көңіл бөлді.