Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Балабақша-отбасы»

2019 жылы 15 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайында «Жаңартылған білім беру жағдайында «Балабақша-отбасы» бірыңғай білім кеңістігін құру» тақырыбы бойынша ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Бұл күні ата-аналар педагогтардың балалармен жүргізген әр түрлі қызмет түрлерін және күн тәртібінің ұйымдастырылуын көре алды.

Ортаңғы, ересек топ балаларының ата-аналары үшін 45 орта мектептің әдіскерімен «Болашақ мектеп оқушысының күн тәртібінің ерекшелігі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.