Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қош, бол балабақша!»

2019 жылдың 30 мамырында Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша-бөбекжайы» КМҚК «Қош, бол балабақша!» атты мерекелік ертенгілік  өткізілді. Тәрбиешілер өз түлектерімен қимай қош айтысты.

Балабақшада алаңсыз өткен күндері, достарымен ойнаған сәттері, серуендері мен саяхаттары, мерекелік ертеңгіліктері мен тәрбие сағаттары, ойыншықтары бәрі-бәрі артта қалды. Ерекше безендірілген музыка залында жиналған ата-аналардың жүздерінен қуанышпен қоса толқу, баласының мектепке барар күніне деген алаңдаушылық сезілгендей.

«Қош, бол балабақша!» сценарийі балабақшаның тәрбиешілері ойнаған «Алиса таңғажайыптар  елінде» ертегісі бойынша жасалынып, ересектер өздерінің рөлдерін өте жақсы ойнады және барлық балалар мен олардың ата-аналарын қуантты. Ертеңгілікке келген ата-аналар өз балаларының шығармашылықтарын көріп бір марқайып қалды, балаларының өнерлеріне ата-аналар риза, алғыстарын білдіріп жатты. Балалар  әндер орындап, билерін билеп, үш тілде өлеңдер оқыды.

Ұлдар мен аналардың биі, әкелер ойындарда белсенділік танытты, Байжайлауова Б.С. «Әкешім- анашым» әнін орындады. Мерекеде де балалар балабақшадан алған білімдері мен жетістіктерін көрсетті. Сондықтан, бітірушілердің  мерекесінде  тәрбиешілер әр баланың өз рөлін атқарғанына ерекше назар аударды. Мереке соңында тілек тілеп шарларын әуеге ұшырды.Түлектерімізге сәттілік тілейміз!