Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

2019 жылы 5 маусымда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабырғасында облыс әкімі Даниал Ахметов республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың 150 жүлдегерлерімен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді. Кездесу ашық әңгімелесу,  пікір алмасу түрінде жүрді, қатысушылар IT-технологиялар саласында, стартап-жобаларға қатысты, IT-хакатон жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарын облыс әкіміне қоюға мүмкіндік алды. Балалардың көпшілігі келешекте мамандық алған соң жобаларының ғылыми зерттеулерін жалғастыруды жоспарлайды. Кездесудің соңы ең үздік оқушыларды марапаттаумен аяқталды. "Жыл серпіні-2019" номинациясына Өскемен қаласының жалпы білім беретін #12 мектебінің 11-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиетінен алтын жүлдегер Хонкулов Алишер иеленді. Даниал Ахметов тәлімгерлердің де еңбегін елеусіз қалдырмай 9 ұстазға алғыс хаттар мен 150 мыңнан 200 мыңға дейінгі сомада ақшалай сертификаттар табыс етті. Балалардың барлығына "Дарын" орталығында жазда тегін демалуға жолдамалар берілді. Олар кездесуден алған әсерлерімен бөлісу барысында жасалған жағдайлар үшін алғыс білдіре келе, өздеріне артылған үмітті ақтау үшін барлығын жасауға  уәде берді.