Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдынында

Жайып білім желкенін.
Қиындықтан өтуге,

Армандарға жетуге,

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге.

Жаңа оқу жылының басталып, жас балаша күлім қағатын жаз мезгілінің аяқталып, күзбен таласа келген– Білім күні. Жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш.
  2-3 қыркүйекте  балабақшада Білім күніне арналған мереке өтті! Көңілді әуенмен балалар музыка бөлмесіне жиналды.

Іс-шараның мақсаты: мерекелік атмосфера қалыптастыру, балаларды бір-бірімен қарым-қатынас қуанышына бөлеу; балалардың шығармашылық белсенділігін жандандыру.

 Бұл күні балалар өздерінің сүйікті ертегілеріндегі кейіпкерлерді - Медуза мен олардың Медусенокты, Теңіздер патшасы  мен Көңілді сегізаяқты , Жеті лақ пен Ешкіні құттықтауға келді. Балалар  жұмбақтар шеше біліп, өздерінің білімдерін, дағдылары мен дарындарын көрсетті. Олар ән айтты, жаңа оқу жылының басталуына арналған өлеңдер оқыды.

 Мереке өте мазмұнды болып өтті, балаларға қуаныш пен зор әсер қалдырды. Балалар көптеген ұмытылмас эмоцияларға ие болды. Білім күні мерекесі әрдайым ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болады. Біз балалар мен  тәрбиешілерге тек 1 қыркүйек күні ғана емес, сонымен қатар балабақшада өткізген барлық күндердің де қуанышты болуын тілейміз!