Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Бүгін Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте «Шығыс — адалдық алаңы» жобасының аясында «Жас ұрпақ-Мәңгілік Ел тірегі» атты қалалық Слет өтті.  Шараға «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының 46 командасы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің шақырылған мамандары  қатысты.  Слетте қаланың үздік мектеп клубтары және оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс қорытындысы таныстырылды. Шара басталар     алдында қатысушылар мен шақырылған қонақтар «Жас Ұлан» ЖҰБҚ қалалық комитетінің ресми парақшаларында Слеттің тікелей эфиріне қатыса алды. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік клубтар мен жетекшілер аталды.   

Сегодня в средней школе № 20 им. А. Байтурсынова состоялся городской Слет «Жас ұрпақ – Мәңгілік Ел тірегі» в рамках проекта «Шығыс - адалдық алаңы».