Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының мектептерінде суицидтің алдын алудың Дүниежүзілік күнін  өткізу сайтқа ақпарат

Жыл сайын 10 қыркүйек күні Өскемен қаласының мектептерінде суицидтің алдын алудың Дүниежүзілік күнін өткізеді.

Балалар мен жасөспірімдерде суицидтің алдын алу мақсатымен қаланың білім беру ұйымдарында «Өмір сүрген қандай керемет!», «Армандар ғаламшары» сынып сағаттары өткізілді, оның барысында жасампаздыққа бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

«Ойлану сәті» кезінде сынып жетекшілері оқушыларға өмірлік жағдайларды мысалға ала отырып, керек кезде бір-бірлеріне қолдау көрсетіп, көмектесу қажеттілігі туралы айтып берді.

Ата-аналармен және оқушылармен шаралар ұйымдастырылды:  мектептің медицина қызметкерлерімен «Денсаулық сағаты - тілдесу сағаты», музыкалық үзіліс «Өмір ырғағында», музыкалық викторина «Көңіл көтер!», отбасылық, спорттық шаралар «Отбасымен бірге бірлікте!», «Анам, әкем және мен – тату отбасымыз!». Оқушылар мен ата-аналар «Неткен ғажап әлем!» сурет конкурсына белсене қатысты. Мектеп педагогтары «Балаларымыздың жарқын болашағы» даналық ойлар галереясын ұсынды. «Өмірге жағымды көзқарас», «Мен өмір кемесінде» атты психологиялық практикумдар өткізілді; оқушылар «Мен бұл өмірге кездейсоқ келгенім жоқ», «Өмір тамаша» деген тақырыптарда  эссе жазды.

Осындай шаралар ата-аналар мен балалар арасында отбасылық қарым-қатынасты арттыруда, ата-аналардың баласының қажеттілік аясына үңілуде, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу және түсіну үшін балаға көмек беруде  үлкен роль атқарады.

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы Ж. Айтпаева