Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

20.09.2019 ж. №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайында ҚР Халықаралық тілдер күніне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты фестиваль өтті.

Балалар 3 тілде тақпақ, ән айтып, би биледі, сонымен қатар «Балдырған» орта тобының балалары «Шалқан» ертегісін ағылшын тілінде драмалады. Балаларды шығармашылық бағыт негізінде, сүйіспеншілікке, өзге тілдерге қызығушылық пен сыйластық таныта білуге тәрбиелеу, балалардың болашақта кез-келген тілдерді үйрену бағдарламасын меңгеруге көмектесетін, тілдерді үйренуге қызығушылықтары қалыптасып, нақты білімдері жиналады.

Бірден артық тілді білу, балаға өзін кез-келген ортада еркін ұстауға көмектеседі. Бұл баланың өзін-өзі бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттырады. Үштілділік-бойында рухани-ізгілік, патриоттық сезімдері бар, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуге көмектесетін, жаһандану әлеміне апаратын көпір тәріздес.