Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қамқоршылық кеңестер жұмысының мәселелері және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың танылуына нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналар жиналысын өткізу туралы

2019 жылдың 8 қазанында Өскемен қаласының барлық 47 мектебінде мектептердің Қамқоршылық кеңестерінің 7050 мүшесінің және ата-аналар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.  

№ 3, 4, 35, 44 мектептерде ата-аналар жиналысына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мамандары қатысты. Ата-аналар алдындағы өз баяндамаларында Агенттік мамандары ата-аналардан ақша алуға жол бермеуге, сондай-ақ мектептерде Қамқоршылық кеңестердің жұмысын жандандыруға назар аудартты.  

Ата-аналар жиналыстарында сыбайлас жемқорлықтың танылуына нөлдік шыдамдылық қалыптастыру, ата-аналармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары арқылы  Қамқоршылық кеңестердің жұмысын айқындау, әлеуметтік желілерде топтар құру, ашық қол жетімділікпен мектептің, қамқоршылық кеңестің жұмыстары жөнінде ақпараттар орналастыру, сондай-ақ әлеуметтік ортада білім беру ұйымдарының оң беделін қалыптастыру және білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тарту бойынша ата-аналар қоғамымен жұмысты жандандыру мәселелері қарастырылды.

Жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат білім беру ұйымдары мен бөлімдерінің сайттарына, ата-аналар қоғамының ғаламтор-қоғамдастығында орналастырылды.