Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балабақшада күз мерекесіне арналған ертеңгілік іс-шара өткізілді. Ертеңгілікке барлық топтардың ата-аналары белсенді қатысты. Педагогтар тиянақты дайындықтың арқасында әрбір баланың өз өнер көрсетуіне ат салысты. Мерекелік ертеңгіліктің басты кейіпкері Күз ханшайымы болды. Балалар Күз ханшайымына би билеп, көңілді әндерді орындап, оркестрде ойнап өз өнерлерін барынша көрсетті. Күз ханшайымы да балалармен көңілді ойындар ойнап, ән салып, балаларға өзінің сыйын тарту етті. Мерекенің безендірілуіндегі қанық түстер, балалардың керемет костюмдері, көтеріңкі көңіл күйлері мен белсенділіктері мерекенің көркін аша түсті. Мерекенің басты мақсаты - балаларда қуанышты көңіл-күй туғызу, мерекелік мәдениетті қалыптастыру. Біздің балабақшаның ұжымы бұл мерекелік ертеңгілікті жоғары деңгейде өткізді. Мереке барлық қатысушылардың: балалардың, педагогтар мен ата-аналардың пікірі бойынша көңілді және еркін өтті.