Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім беру робототехникасы  бойынша қалалық семинар өтті

2019 жылғы 13 қараша күні А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық ресурстар орталығының қызметкерлері қалалық білім бөлімімен бірлесе отырып, ІТ-сынып мұғалімдеріне арналған "Сабақ пен сабақтан тыс уақытта білім беру робототехникасын пайдалану" атты қалалық семинар ұйымдастырды. Семинарға 43 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты - жаңа формалар мен жұмыс әдістерін қолдану арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру, білім беру робототехникасын қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар жұмысы келесі секциялар бойынша ұсынылды: шеберлік сыныптар "Мектеп бағдарламасында робототехника негіздерін пайдалану", «Lego-құрастыру», «3D үлгілеу» , MakerSpace шеберханасы. Кітапхана оқытушыларының жетекшілігімен мұғалімдер роботоплатформаның құрамдас бөліктерін басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалау мен бағдарламаларды жасаудың негізгі ұғымдарымен танысты. Семинар практикалық бағытта өтті. Қорытынды бойынша рефлексия өткізілді. Қатысқан қала мектептерінің мұғалімдері мен білім беру бөлімінің әдіскері Н.Капчикова ұйымдастырылған семинар өз мақсатына жетті, өз деңгейінде өтті деп бағасын берді.