Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Облыстық педагогикалық шеберхана

2019 жылғы 13 қараша күні «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-де «Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу негізінде оқушының тұлғалық қабілеттері мен мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбындағы облыстық педагогикалық шеберхана өткізілді. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің өкілдері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих» мамандығы ғалымдары мен студенттері және облыстық мектептірінің 86 педагогы қатысты.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін талқылау, облыс педагогтерінің кәсіби даму мәселелері жөнінде өзара әрекет және ынтымақтастықта жұмыс істеуге жағдай жасау, тәжірибе алмасу.
Шара барысында қатысушыларға мұғалімдердің ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары көрсетілді. Семинар ұсынылған материалдың өзектілігі, сапасы мен тереңдігі үшін әріптестерінің жоғары бағасын алды.