Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг

2019 жылдың 15 қарашасында «№1 Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ базасында қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Алтынсарин атындағы ҰБА өкілі, тәуелсіз білім беру кеңесшісі, ағылшын тілі пәні бойынша жаңартылған бағдарламаларын жаттықтырушысы А.Айтбаеваның және білім бөлімі әдіскерінің Н. Капчикова қатысуымен семинар - тренинг өткізілді. Семинарға қала мектептеріндегі 40-тан астам қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Іс-шара жаттықтырушы мен оқытушылар арасындағы белсенді интерактивті өзара әрекеттестік жағдайында өтті. Семинар сұрақ-жауап диалогы алаңы және «Ағылшын тілі» пәнінің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша нормативтік құжаттарды зерттеу ретінде өтті. Мұғалімдер талқыланатын тақырып бойынша ұсыныстар мен түсіндірмелер алды, өздерінің әдістемелік қорын толықтырды.