Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Асық ойна және ойла

Өскемен қаласы әкімдігінің №13 «Дария» балабақша-бөбекжайы КМҚК 2019 жыл қараша айының 28-інде  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Асық ойна және ойла» мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту және тәрбиелеу құралы тақырыбында  іс-тәжірибемен бөлісуге арналған  қалалық семинар  өтті.  Семинарға мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің директорлары мен бирге ЖШС  балабақша  меңгерушілері қатысқан  43 мекеменің басшысы қатысты.

Бас қосу барысында тұңғыш рет облысымызда арнайы «Асық» кабинетінің салтанатты ашылуы болды. Семинар "Ұлы дала Рухы" музыкалық композициясымен басталды. Балалар «Дала Рухы» бимен қазақ халқының тарихын көрсетті. Аспанда қалықтаған бүркіт мемлекетіміздің  тәуелсіздігін, күшін  оның жоғары мақсаттарға ұмтылуын және тұрақты болашағын білдіретіндігін, би соңында шыққан Бәйтерек - күллі ғалам бейнесі, ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тірелетіндігін көрсете алды. Ары қарай кіп- кішкентай бүлдіршіндеріміздің жетігенмен салған әндері, «Ата толғауы оркестрі», педагогтардың «Кесе сыңғыры»  биі,  Еванжелинаның Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» олеңін оқығаны билеп көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Семинарға қатысушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесін тамашалады. Ұлттық «Асық ату»    ойынынан үзінді көрсетілді.

Семинар барысында асықты пайдалана отырып, бес білім беру саласы бойынша  Ергалиева Мадина, Мухаметжанова Шынар, Жолдыбаева Әсем, Евдокимова Галина Степановна,  Сайлаубеков Жандос ашық  ҰОҚ өткізді.

Семинарға қатысушыларға балабақша өмірі туралы  «Асық ойна және  ойла» атты бейнебаян көрсетілді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, балабақша әкімшілігіне және ұжымға өз алғыстарын білдірді. Семинар жоғары дәрежеде өтті.