«Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруде заманауи технологияларды тиімді пайдалану»
4 желтоқсан 2019 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақшасында Қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен мұғалім-логопед мамандарға арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруде заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Бұл өткізілген семинардың басты мақсаты: «Мектеп жасына дейінгі балаларды инклюзивті білім беруде заманауи технологияларды қолдана отырып тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін арттыру»болды. «Алтын дән» балабақшасының педагогтары бес топта жаңа заманауи технологияларды қолданып, инклюзивті білім берудегі іс-тәжірибелерімен алмасты.
Қалалалық семинарға келген мамандар іс-тәжірибе алмасып,өз ұсыныстары мен ой пікірлерімен бөлісті.