Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының «№4 орта мектебі» жанында құрылған шағын орталығында, шағын орталықтарының тәрбиешілері мен педагогтарына арналған қалалық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның тақырыбы: «Педагогтардың ата-аналармен өзара әрекет етуінің тиімді жолдары».

Семинарды өткізудегі мақсат мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің отбасылары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін арттыру.

Семинар қатысушылары ата-аналармен бірлесе өткізілген іс-шараның куәсі болып, үлкен тәжірибе алғандарын атап өтті. Семинарда ата-аналар педагогтардың және балалардың рөлінде болып бір күндік балабақша өмірімен танысты.