Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Отбасылық  құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбындағы әкелер оқуы өткізілді

Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде желтоқсанның  айының 10 күні  «Отбасылық  құндылықтар және ұлттық тәрбие» тақырыбында әкелер оқуы өткізілді. Өнегелі ұрпақ тәрбиесі отбасы мен білім ордасының бір бағытта жұмыс істеуінен басталады. Ата-ана мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту  –  саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі. Осы идеяны насихаттауды мақсат тұтқан әкелер оқуының ерекшелігі – іс шараның ашық әңгіме, пікір алмасу түрінде өтуінде болады.

Мектеп директоры Б.О.Садыков – отбасындағы әкенің тәрбиесінің маңыздылығын айта келіп, әкенің бала тәрбиесінде алатын рөлінің мазмұнына тоқталып, келген қонақтармен таныстырып өтті. Оқу қонақтары: ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы жанындағы діни ахуалды мониторингілеу бөлімінің меңгерушісі А.У. Сабалакова, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледждің директоры Ф.С. Құрманов, Қазақстанда тұңғыш ашылған тәрбие бағытындағы  «Әкелер мектебінің» негізін қалаушы Е.Қ.Садуакасов болды.

Қазақстанда тұңғыш ашылған тәрбие бағытындағы мектеп - «Әкелер мектебінің» негізін қалаушы Садуакасов Ертисбек Қайырбайұлы «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында әкелермен пікір алмасып, Әкелер мектебінің мақсаты мен жұмыс жоспарымен таныстырды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен әкелер оқуында мұғалімдердің беделі, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі, ұлттық құндылықтардан алыстамау тақырыптары да терең сөз етілді. «Ел болашағы  – келер ұрпақ тәрбиесін маңызға алған мұндай іс - шаралардан түйеріміз көп» - дей отырып қатысушы әкелер  алғыстарын білдірді.