Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Адалдық сағаты» Республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат

18 мамырда № 38 гимназиясында 9-11 сынып оқушыларына арналған «Ұлы Абай шындықты  насихаттайды» тақырыбында «Адалдық сағаты» Бірыңғай Республикалық акциясы өтті.

Онлайн әңгімелесу барысында окушылар «Адамгершілік - ұлы Абайдың мұрасы»  атты бейнероликті тамашалады, Ұлы Абайдың сөздерін еске түсіріп, ХХІ ғасыр тұлғасына қажетті қасиеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың алдын-алуға байланысты қоғам дамуының негізгі бағыттарын талқылады.

Акцияның нәтижесінде 9-11 сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы плакаттар мен коллаждар жасалды.