Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Негізгі орта мектеп-интернаты" КММ-де  "Ұлы Абай, адалдық мұраты" адалдық сағаты республикалық акциясын өткізу туралы

18 мамыр күні мектеп-интернатта 9а, 9б сынып оқушыларымен онлайн режимінде "Парасаттылық - Ұлы Абайдың мұрасы" тақырыбында бейне-дәріс өткізілді. Адалдық сағатына 22 оқушы және 10 педагог қатысты.

Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаев білім мен адал еңбекке ұмтылған жоғары адамгершілік қасиеттері бар адамдарды бағалаған. Оқушылар бейне-дәрісті көргеннен кейін ақынның рухани және адамгершілік құндылықтары туралы дана ойлары бойынша пікір алмасты.

Балалар өз ой-пікірлерінде әрбір адам адамгершілік, парасаттылық, оқудағы адалдықты күнделікті өмірде ұстануы тиіс екенін атап өтті.