Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балаларды қорғау күніне арналған «Әлем балалар көзімен» асфальтта сурет салу конкурсын өткізу туралы есеп 

Балаларды қорғау күнін өткізу аясында 2020 жылдың 1 маусымында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК педагогтары «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-нің балаларына арналған «Әлем балалар көзімен» асфальтта сурет салу байқауын ұйымдастырып, өткізді. Сондай-ақ, Куленов атындағы кент пен Кемежай ауданында осындай байқау өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-балалардың бос уақытта ойын-сауық әрекеттерін ұйымдастыру. Жас техниктер станциясы педагогтарының жетекшілігімен, балалар өз суреттері арқылы сұр асфальтты жолдар мен алаңды ертегі әлеміне айналдырды. Түрлі-түсті борлар балаларға ойларын жеткізіп, көрсетуге көмектесті. Балалар әлемді қалай көретіндерін әртүрлі әдемі суреттерімен- гүлдермен, жарқын күнмен, қиялдағы аралмен көрсете білді, жалпы алғанда, барлық сурет өзінше әдемі шықты. Балалар барынша тырысты, бір-біріне көмектесті, қуана-қуана асфальтта бор сызбаларын жасады, олар жарқын және ерекше болып шықты. Күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған балалар көптеген әсер алды! Шараға қатысушылар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.