Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Радуга детства» музыкалық онлайн-марафоны өтті

1 маусымда «№1 Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында  «Радуга детства» музыкалық онлайн-марафоны өтті. Вокалды және би ұжымының қатысушылары №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары мен түлектерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен өздерінің шығармашылықтарымен құттықтады. Концерттік бағдарламада оқытушылар мен ата-аналардың қашықтық форматында жасаған бейнероликтері ерекше болды.