Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«ОЗ Экобиоорталығымен» балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізді

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында 2020 жылдың 1-маусымында Өскемен қаласы әкімдігінің “Оқу-зерттеу экобиоорталығы" "ОЗ Экобиоорталығы Шығыс Қазақстанның табиғи-өлкетану әлеуетін зерделеуде» тақырыбында бірқатар танымдық іс-шараларды онлайн түрінде өткізді.

Мақсаты – оқушылардың экологиялық санасын дамыту, табиғатқа және зерттеу жұмысына қызығушылықтарын арттыру.

Іс-шараларға Өскемен қаласының мектеп оқушылары қатысты.

Оқушылар Шығыс Қазақстан бойынша виртуалды өлкетану экскурсиясына, психологиялық тренингке,  жылыжайдағы өсімдіктерге саяхат және  «Туған өлкенің табиғат құпиялары» және тағы басқа іс-шаралар өткізілді. Онлайн-экскурсиядан кейін ШҚО табиғаты, экожүйелердің ерекшеліктері, олардың қызметі туралы жаңа білім алды. Шығыс Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі туралы өз білімдерін кеңейтті. Өмір сүру ортасының экологиялық жағдайлары және оларға адами қызметтің әсері туралы білімді тереңдетті.

Сонымен қатар, келушілер үшін эпидемиологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, шатырлы лагерь ресімделді, табиғаттың тірі объектілеріне тегін экскурсия, экспонаттар мен «ОЗ Экобиоорталықтың» баспа материалдарының көрмесі өткізілді. Барлығы 119 адам қамтылды.