Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты мектепті бітіру іс-шарасы «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ өтті

2020 жылдың 3 маусымында Өскемен қаласы әкімдігінің № 37 көпбейінді орта мектебінде Соңғы қоңырау мерекесі өтті, оның жыл сайынғы дәсүрлі түрде өткізілетін бітіру кешінен айырмашылығы, Соңғы қоңырау мерекесімен бірге аттестаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Мерекеге қатысқан қонақтар: қалалық маслихаттың депутаты Ю.В.Миронова және түлектердің ата-аналары.

Мектеп директоры Грачева Инна Геннадьевна түлектер мен ата-аналарға ізгі тілектерін білдірді. Қонақтар мен ата-аналар түлектерге құтықтау сөздерін арнады. Сонымен қатар түлектерді алғашқы ұстазы Е.В. Курочкина және сынып жетекшісі М.А. Чемарева құттықтады. Іс-шара соңында мектеп бітірушілер тақпақ-өлеңдерін оқып, қоштасу әнін орындап алған білімдері үшін мұғалімдерге жылы лебіздерін білдірді.