Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «Соңғы қоңырау-2020» мерекесі

№ 35 орта мектебінде 2020 жылдың 3 маусым күні «Соңғы қоңырау-2020» атты мектеп бітіруші түлектердің мерекесі атап өтілді. Салтанатты іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Капчикова Нұргүл Тілеубековна, қалалық кәсіподақ ұйымының басшысы Кузнецов Александр Александрович қатысты.

Салтанатты жиынның негізгі бөлімі Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналып, оқушылар ақын өлеңдерін оқып, әнін айтты. Ұлы Абай рухына тағзым етті. Келесі кезекте  мектеп директоры Анна Мухамедановна мен мектеп әкімшілігі түлектерге аттестат табыстады. Сонымен қатар, мектеп басшысы, келген қонақтар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.  Мереке ата-аналар мен оқушылар көңілінен шығып, мектепке өз алғыстарын айтты. Биылғы жылы мектепті 54 түлек бітіріп шықты, оның 6-ы "Алтын белгі" және 4-і Үздік аттестатқа ие болды. Мектеп түлектеріне сәттілік және өмір жолында көп жетістіктер тілейміз!