Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Еріктілер жылына арналған «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шарасы

Биылғы жылғы соңғы қоңырау салтанатты жиыны ерекше формада ұйымдастырылды. Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін соңғы қоңырау мерекесі мен аттестатты салтанатты тапсыру біріктіріліп,  мектеп қабырғасында бір күнде шектеулі контингентпен, яғни ағымдағы жылдың түлектері және олардың 2-ден аспайтын ата-аналарының қатысуымен ғана санитарлық-гигиеналық шектеулерді қамтамасыз ете отырып өткізілді.

Аттестатты тапсыру - әрбір түлектің өміріндегі ересек дербес өмірге қадам жасардағы маңызды оқиға. Аталған маңызды мектеп іс-шарасы түлектің өмір бойына естелік болатынына және жадында сақталатындығына басты назар аударылды.  Әр түлектің бойында өзінің мектебіне деген мақтаныш және өзінің ұстаздарына алғыс сезімін тәрбиелеуге бағытталды. Ахмер орта мектебінің директорының міндетін атқарушы Радич Ирина Николаевна барша қауымды  мерекелерімен құттықтай отырып, биылғы мектеп бітіру сәті ерекше тарихи оқиғалар- Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, «Еріктілер жылымен» қатар келгендігіне баса назар аударды.

Салтанатты жиында 31 шәкірт қолдарына мектеп бітіру аттестатын алып, соның ішінде 1 оқушы «Алтын белгіге», 3 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды.

Абай атамыз айтқандай, барлық түлектердің «Бір кірпіш дүниеге тетігін тауып қалануына» тілектеспіз!

 

Торпакова Д.К.-мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары