Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

11 сынып түлектеріне аттестат табыс ету

3 маусымда 11 сынып түлектеріне аттестат салтанатты түрде табыс етілді. Бұл оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер үшін де өте әсерлі және көңіл толқытарлық сәт болды.

Биылғы жылы мектеп бітіру іс-шарасы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. Түлектер Абайдың сөзіне жазылған «Көзімнің қарасы» әнін және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін орындады.

Біздің мерекеге құрметті қонақ - Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар келді.

Біз, Жақсылық Омарға көрсеткен құрметі - біздің түлектерге аттестатты табыс еткені, берген бата-тілектері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

29 түлек аттестат алды.

Оның ішінде «Алтын белгі» Құрмет белгісімен Луговая Анна марапатталды, үздік үлгідегі аттестат Шпулинг Анна және Нетесова Таисияға табысталды.