Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Абайдың қара сөздерінен  - №10 мектеп-гимназиясының түлектері үшін

Биылғы жылы Өскемен қаласы әкімдігінің №10 мектеп – гимназиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған соңғы қоңырау мерекесі дәстүрлі емес форматта өтті – бірақ уақыт шектеулі болса да бетперделер  де салтанатты атмосфераны бұзбады. Оқушылар, педагогтар және ата-аналар бұл күнді ерекше мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Салтанаттың құрметті қонақтары - Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан жас түлектерге жүректерін тебірентіп ыстық лебіз арнады. Жақсылық Омар балалар мен олардың ата-аналарын өмірдің осындай маңызды сәттерімен құттықтап, алдағы уақытта да жетістіктер тілеп ҰБТ-ны үздік тапсырып, өз қалауындағы мамандық жолын таңдап, елінің үмітін ақтар деп сенім білдірді.

Түлектеріміз қаламыздың бірінші басшысының қолынан өз аттестатын қабылдау құрметтіне ие болды. Ең алдымен мектеп-гимназиясын үздік бітірген балалар өз құжаттарын алды: Солдатенко Всеволод, Салий Катерина, Бахолдина Илона, Колесников Данил, Егизбаева Айман. Қалған түлектер де Жақсылық Омардың қатысуымен өздерінің аттестаттарын алды.