Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Электрондық ресурстар - уақыт талабы

Білім беру бөлімінің жоспары бойынша 2020 жылдың 9 қазан күні қашықтық режимінде «Электрондық ресурстар - уақыт талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға  қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі  92 орынбасары қатысты.

№ 37 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Клименко «Online Mektep» білім беру платформасының толтыруын бақылау туралы айтты. Ол сонымен бірге  «Online Mektep» модулінің БЖБ мен ТЖБ жұмыстарын қолдануына тоқталды.

Негізгі орта мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Қарабаева қатысушылардың білім беру платформасының мектеп әкімшілігінің мүмкіндіктеріне назарын аударды. № 32 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Раковская мектеп мұғалімдері өз жұмысында «Online Mektep» платформасын қалай қолданатыны туралы бөлісті.

Білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова қала мектептері мұғалімдерінің «Online Mektep» толтыру статистикасы туралы айтты.

Нәтижелерді қорытындылау кезінде осы платформаның мүмкіндіктерін пайдалану туралы пікір алмасу болды. Семинар сындарлы жағдайда өтті және одан әрі жемісті жұмыс жасау үшін құрылды.